Татарстанға Қазақстаннан соққы жасалғаны туралы ақпарат жалған – министрлік

Қорғаныс министрлігі елдің беделін түсіретін жалған ақпарат таратпауға шақырды
Sputnik
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Татарстанның объектілеріне шабуыл жасаған дрондардың Қазақстан аумағынан ұшырылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Кейбір Telegram каналдарда таралған Татарстан Республикасының объектілеріне шабуыл жасаған ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың Қазақстан аумағынан ұшырылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты ведомство азаматтарды қауесеттерге мән бермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
"Мұндай жалған мәлімет Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған", - деп атап өтті қорғаныс министрлігі.
Еске сала кетейік, үш ұшқышсыз ұшақ Татарстан аумағындағы әртүрлі нысандарға шабуыл жасады.
"Бірінші камикадзе-дрон Нижнекамсктегі "Танеко" зауытына шабуыл жасады. Екіншісі 05.40-та Елабугадағы арнайы экономикалық аймаққа, ал үшіншісі 06.15-те Елабугадағы "Алабуга-Политех" білім беру орталығына шабуыл жасады", - деді елдің төтенше жағдайлар қызметінің өкілі.
Оның айтуынша, ұшқышсыз ұшақтардың шабуылынан қаза тапқандар жоқ.
Ресми мәлімет бойынша ешқандай ауыр зақым жоқ, кәсіпорындардың технологиялық процесі бұзылмаған.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Татарстанда ұшқышсыз ұшақтар азаматтық нысандарға шабуыл жасады