Шымкентте заңсыз жүрген 800-ден астам еңбек мигранты елден шығарылды

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Sputnik
АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Шымкентте заңсыз жүрген 815 шетелдік анықталды, деп хабарлады қалалық прокуратура.
Шетел азаматтары жалған медициналық анықтамалар және сақтандыру полюстерімен жүрген.
"815 шетел азаматына еңбек қызметіне заңсыз берілген рұқсаттар жойылып, елден шығарылды. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы мен маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - дейді ведомство.
Бұдан бұрын заңсыз жүрген 6 мыңнан астам еңбек мигранты анықталған. Қазіргі күні уәкілетті орган "Qr" код арқылы тексерілгеннен кейін ғана медициналық анықтамаларды қабылдау тәжірибесін енгізген.
Маңғыстау облысында үш күнде 200 ден астам заңсыз мигрант анықталды