АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында Қазақстан халқына су тасқынына қатысты үндеу жасады.
Үкімет басшысы қазақстандықтардан құтқарушыларға көмектесуді және олардың жұмысын қиындатпауды сұрады.
"Маған баяндама бойынша, тұрғындардың мұндай қажеттілік жоқ деген сенімінен эвакуациялау жұмыстары қиындап жатқаны айтылды. Олар су тасқынынан ауыр зардаптар болуы мүмкін екеніне сенбейді. Көріп отырғанымыздай, биыл су тасқыны бұрын-соңды су тасқыны тіркелмеген жерлерде де болып жатыр", - деді Бектенов.
Сондай-ақ ол тұрғындардан құтқарушылардың нұсқауларын тыңдап, орындауын да сұрады.
"Осыған байланысты, Қазақстан халқын әкімдіктер мен арнайы қызметтердің хабарламасына аса жауапкершілікпен қарап, олардың нұсқауларын тыңдап, орындауды сұраймын. Бұл өмірді сақтауға көмектеседі. Эвакуация бірінші кезекте сіздердің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге бағытталған, құтқарушыларға көмектесуіңізді сұраймын, олардың жұмысын қиындатпаңыз, олар сіздер үшін жұмыс істеп жатыр", - деді Үкімет басшысы.