АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысы Мерке ауылының тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды ТЖ министрлігі.
Сейсмикалық станциялар желісі сағат 11:14-те жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 308 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.2. MPV, магнитудасы – 5.3. Эпицентрдің координаттары 42.77° С. Е. 73.18° Ш. Б. Тереңдігі – 25 км.
Жамбыл облысының Мерке кентінде 2 балл сезілген.
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Мониторинг жүргізіліп жатыр, деп атап өтті ТЖМ.