АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Запорожье облысының Украина қарулы күштері бақылауындағы бөлігінде орналасқан электр қосалқы станциясында жарылыс болды. Бұл туралы Украинаның энергетика министрлігі мәлімдеді.
"Запорожье облысындағы жоғары вольтты қосалқы станцияда жарылыс тіркелді. Жабдықтар зақымданды", - деп жазылған министрліктің Telegram каналында жарияланған хабарламада.
Қазіргі уақытта Запорожье облысының 70%-дан астамы Ресейдің бақылауында болса, облыс орталығы Запорожье қаласын қоса алғандағы қалған бөлігі Украина әскерлерінің бақылауында.
2023 жылдың наурыз айынан бастап облыстың әкімшілік орталығы уақытша Мелитополь қаласы болды.