Су тасқыны салдарынан 400 шақырымнан астам жол жабылды

5 облыста халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары қызыл судың астында қалды
Sputnik
АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Қызыл судың салдарынан 410 шақырым жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады Қазавтожол.
1 сәуір сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 5 облыста халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары қызыл судың астында қалды.
"Абай, БҚО, Қарағанды, Қостанай және Ұлытау облыстарының 5 жол жүру учаскесінде су тасқыны болды, оның ұзындығы – 980 метр. 5 облыста ұзындығы 410 км республикалық маңызы бар 6 автомобиль жолында қозғалысқа шектеу қойылды", - дейді ведомство.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 599 бірлік техника мен 1503 адам жұмыс істеп жатыр.
Қоғам
Қазақстанның жеті облысында төтенше жағдай режимі жарияланды