АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Бүгін Астанадағы сотта Бишімбаев мен Байжановтың SMS-пен хат алмасуы жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жәбірленуші тараптың адвокаты тағы бір сотталушы Бақытжан Байжановтың ұялы телефонынан Бишімбаевқа жіберілген SMS-хабарламаларды жариялады. Сол арқылы экс-министр туысына видеолардың жоюға және марқұм Салтанаттың телефонын табуға тапсырма берген.
Екеуі орысша хат жазысқан.
Бишімбаев (13:21): - Камералардың бәрін жойып таста (Камеры все удали)
Бишімбаев (13:21): - Түнгі (жазбаларды - Sputnik) жойып таста (Камеры все удали)
Байжанов (13:21): - Жақсы (Хорошо)
Бишімбаев (13:23): - Барлық Гастроны жойып таста (Все Гастро убери )
Байжанов (13:24): - Жақсы, бәрін жойып жатырмын (Хорошо, все удаляю)
Бишімбаев (13:32): - Осында кел (Вернись)
Бишімбаев (13:32): - Оның телефонын табу керек (Нужно ее телефон найти)
Бишімбаев: - Бақытжан, жейдем машинада (Бахытжан, в машине рубашка)
Байжанов (14:02): - Мақұл (Есть)
Бишімбаев (14:02): - Жаңасын алып кел (Новое принеси)
Бишімбаев (14:02): - Барлық банкетті кейінге шегер (Отмени все банкеты)
Байжанов (14:03): - Фото. Осы ма? (осы сөзді қазақша жазды)
Бишімбаев (14:04): - Иә (Да)
Бишімбаев (14:30): - Қазақстан концерт залына соғып кет, ол жақта Салтаның пальтосы қалып қойды (Заедь в ЦКЗ Казахстан, там Салты пальто там осталось)
Байжанов (14:30): - Жақсы (Хорошо)
Бишімбаев (14:30): - Кіреберістен солға қарай (Слева от входа)
Бишімбаев (14:35): - Ал телефонды сөндірме (Ал телефон не отключай)
Бишімбаев (14:35): - Үйге апарып таста (Домой отвези)
Байжанов (14:35): Жақсы (Хорошо)
Қуандық Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылып отыр.
Олар:
Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігінің 6-тармағы – адам өлтіру, басқа адамды қасақана аса қатыгездікпен адам өлтіру қазаға ұшырату (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру);
Қылмыстық кодекстің 110-бабы, 2-бөлігінің 1-тармағы - адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамды қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немес осы мерзімге бас бостандығынан айыру);
Ал Байжанов Қылмыстық кодекстің 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу) және 434-бабы (аса ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша айыпталып отыр. Сот бес күннің ішінде қылмыстық істі өндіріске алуға шешім қабылдайды.