АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. 1 сәуірден бастап ЕАЭО елдеріне 1000 еуроның жеке пайдаланылатын тауарларын бажсыз әкелу туралы шешімнің мерзімі аяқталды.
Бұл шешім енді ұзартылмайды. Бажсыз әкелу шегі 2022 жылғы наурызға дейін болған 200 еуро сомасына қайта оралады.
2022 жылы бажсыз әкелу шегін 200 еуродан 1000 еуроға дейін ұлғайту шетелдік интернет-дүкендерден өздері пайдаланатын тауарларға тапсырыс беретін азаматтарды қолдауға және тауар тапшылығын болдырмауға мүмкіндік берді.