АЛМАТЫ, 29 наурыз - Sputnik. Жамбыл облысында қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін автобустармен балаларды тасымалдаған, деп хабарлайды Жамбыл облыстық прокуратурасы.
Таразқаласының прокуратурасы оқушыларды тасымалдайтын автобустарды тексерді.
"Қала мектептеріндегі 19 автобустың 10-ы жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережелерінің талаптарына сәйкес келмеген. Атап айтқанда, жүргізушілер рейс алдында медициналық тексеруден өтпеген, автобустарда медициналық қобдишалар, өрт сөндіргіштер, "Балаларды тасымалдау" белгілері болмаған", - дейді ведомство.
Автобустарда тасымалданатын балалардың жалпы саны отыруға арналған орындардың санынан асып кеткен.
Тіпті, жүргізуші куәлігінің тиісті санаты жоқ, жүргізушілер сақтандыру полисінсіз және техникалық байқаудан өтпей оқушыларды тасымалдаған.