Су тасқыны: елімізде қандай жолдар жабылды

"ҚазАвтоЖол" су тасқыны салдыранан бірнеше республикалық жолдың жабылғанын хабарлады
Sputnik
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Еріген судың тасуынан екі облыстағы республикалық жол жабылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".

Қарағанды облысы

Еріген судың тасуынан және көліктердің қозғалысына қауіп төну салдарынан "Екатеринбург-Алматы" тас жолының 1505-1854 шақырымы (Новостройка ауылынан - Балқаш қаласы учаскесі), сондай-ақ сол жолдың 1610-1618 шақырымында (Ақсу-Аюлы ауылында);
"Қызылорда-Павлодар" тас жолының 788-906 шақырымында (Ұлытау облысының шекарасы - Топар ауылы учаскесі) барлық көлік түріне қозғалыс шектелді.

Ұлытау облысы

29 наурызда сағат 18:30-да еріген судың тасуынан және көліктердің қозғалысына қауіп төну салдарынан "Қызылорда-Павлодар" тас жолының 758-788 шақырымында (Жаңаарқа-Қарағанды облысының шекарасы учаскесі) жол жабылды.