АЛМАТЫ, 29 наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары су басқан жолдан тұрғындарды қайықпен өткізіп жатыр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті.
Күршім ауданында Топтерек ауылынан төрт шақырым жерде қардың еруі салдарынан бұлақ үстіндегі көпірдің бетонды конструкцияларын шайып кеткен.
ТЖД күштері тұрғындарды қайықпен тасымалдауды ұйымдастырды. Соңғы екі күнде 60-тан астам тұрғын тасымалданды. Жергілікті атқарушы орган айналма жолды төсеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.