АЛМАТЫ, 29 наурыз - Sputnik. Қостанай облысындағы су тасқынына байланысты "Желқуар" өткізу пукті жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитеті.
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі Қостанай облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты 29 наурыздан бастап "Желқуар" автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көліктерді, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылды", - деп жазды ведомтво.
Комитет көлік жүргізушілеріне және осы аймақта шекарадан өтуді жоспарлап отырған адамдарға қалыптасқан жағдайды ескере отырып, өздерінің қозғалыс бағыттарын түзетуді ұсынады.