Елімізге 85 млрд теңгенің активтері қайтарылады

Оның ішінде Қазақстандағы және шетелдегі тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттар, ақшалай қаражат, компаниялардағы үлестер, қымбат зергерлік бұйымдар, 10 мың гектардан астам жер бар
Sputnik
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Бектеновтің төрағалығымен активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Комиссия отырысы жаңартылған құрамда өтті. Жаңартылған құрамға "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" президенті Бану Нұрғазиева мен парламент мәжілісінің депутаты Марат Бәшімов кірді.
"Жалпы көлемі 85 млрд теңгеден асатын заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы бірқатар келісімдер мақұлданды. Мемлекетке қайтару жоспарланып отырған активтердің қатарында Қазақстандағы және шетелдегі тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттар, ақшалай қаражат, компаниялардағы үлестер, қымбат зергерлік бұйымдар, 10 мың гектардан астам жер бар", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар бұрын мемлекеттен "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң субъектілерінің бірінің бақылауына заңсыз өткен құны 10 млрд теңгеден астам сомаға бағаланатын пайда болуы түсініксіз кәсіпорынды актив ретінде мемлекет кірісіне айналдыру туралы сотқа талап-арыз енгізу мақұлданды.