Фото

Исландиядағы жанартау атқылады - фото

Фотографтар Исландиядағы жылан тәрізді жанартау атқылауын түсіріп алды. Бұл қорқынышты және әсерлі көрінеді! Суреттер топтамасынан қараңыз!
Sputnik
1 / 6

Ежелгі балықшылар қаласы Гриндавик сейсмикалық белсенділік жоғары аймақта орналасқан.

Суретте: Исландиядағы Гриндавик қаласының маңындағы жанартау атқылауы.

2 / 6

Сұйық оттың құрсауындағы қаланың халқы 4000 адамды құрайды. Бірақ тұрғындар бұл жерден былтыр күзде көшірілген. Олар қашан өз мекеніне қайта оралатынын ешкім білмейді: жанартау атқылаулары қайта-қайта қайталанып жатыр. Қала су мен жарықтан мүлдем ажыраған.

3 / 6

Бірқатар жер сілкінісінің салдарынан Гриндавик пен шағын Силингарфелл тауы арасындағы жерде үлкен жанартаулық жарықтар ашылып, олардан ыстық магма төгіліп жатыр.

4 / 6

Рейкьянес түбегіндегі жанартау ошақтарынан әдеттегідей үлкен жарылыстар немесе стратосфераға күлдің айтарлықтай бөлінуін болмағанмен, қауіпті газдар мен үлкен лава ағындары халыққа қауіп төндіріп тұр.

5 / 6

Ыстық лава ағындары Гриндавикке қарай жылжып барады, жер магмамен жарылып жатыр.

Суретте: Исландиядағы Гриндавик қаласының маңындағы жанартаудан ағып жатқан лаваның көрінісі.

6 / 6

Ыстық лава үлкен отты жыланның пішініне ұқсайды. Бұл атқылаулар қауіпті екеніне қарамастан, шытырман оқиғаны сүйетіндер мен фотографтар мұнда әдемі әрі әсерлі сурет түсіру үшін жиі келеді.