ЕАЭО-ның қай елінде өнеркәсіп өнімдерінің бағасы қатты өсті - статистика

Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаменті өнеркәсіп өнімдерінің бағасы туралы мәліметтерді жаңартты
Sputnik
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. 2024 жылдың ақпанында Еуразиялық экономикалық одақ елдері бойынша өнеркәсіп тауарын өндірушілер бағасының индексі 2023 жылдың ақпанымен салыстырғанда 117,8%-да құрады, деп хабарлады ЕЭК.
Комиссия статистикасының мәліметі бойынша, тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласында өндірушілер бағасының өсуі Беларусьте (47,7%-ке), Қазақстанда (5%-ке), Қырғызстанда (8,7%-ке) және Ресейде (46,4%-ке) өсіп, Арменияда (0,9%-ке) төмендеді.
Өңдеу өнеркәсібінде бір жыл ішінде өндірушілер бағасының ең жоғары өсуі Ресейде (15,1%-ке), "электрмен жабдықтау, газ бен бу беру және ауа кондициялау" қызмет түрі бойынша Қырғызстанда (27,5%-ке), "сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және таратуды бақылау" қызмет түрі бойынша Қырғызстанда (26,9%-ке) тіркелді.
ЕАЭО титан қалдықтарына баж салығын 2026 жылдың наурызына дейін ұзартты