"Жоба шеңберінде қатысушылар білікті заңгерлердің ақысыз көмегіне де жүгіне алады. Мәселен, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қиын жағдайларға тап болған отбасылардың несиесі кешіріліп, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылданғаны белгілі. Ал қарызға белшесінен батқан жан осы санатқа кіре ме, жоқ па, мамандардың көмегімен анықталып, партия, әкімшілік, банк бірлескен топ азаматқа тығырықтан шығудың жолын нұсқауға көмек көрсетеді. Мысалы, бір адамның басында 8 несиесі болуы мүмкін, мұндайда мамандар оған, бірінші кезекте қомақты қаражатты талап ететін несиесін алдымен өтеуге кеңес береді. Іс-тәжірибе нәтижесінде осындай қиындықтан шыққан адамдар бар", - деді "Аманат" партиясы Астана қаласы филиалы атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Мұхаммед Болысбек.