АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Астана халықаралық форумы мен Боао Азия форумы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Боао Азия форумының сессиясына қатысуы барысында Астана халықаралық форумы (AIF) мен BFA арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібін бірлесіп ілгерілетуге, сондай-ақ үздік әлем құру жолындағы көпжақты серіктестік пен ұжымдық жауапкершілікті нығайту жөніндегі жаһандық шараларды қолдауға ниетті.
AIF және BFA екі диалог алаңының күш-жігерін біріктіріп, ортақ мақсатты көздейтін бірқатар іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.