АЛМАТЫ, 28 наурыз – Sputnik. Жетісу облысында вакцинация туралы заңнаманың бұзылған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Облыстың денсаулық сақтау саласында бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалып, вакцинация туралы заңнама бұзылған. Сондай-ақ жалған вакцинация және басқа да бұзушылықтар анықталды.
"Денсаулық сақтау саласындағы жауапты лауазымды тұлғалардың кінәсінан қажетті вакциналар уақтылы сатып алынбаған, нәтижесінде бір жылға дейін 7 мыңнан астам бала полиомиелитке қарсы егілмеген. Сондай-ақ "А гепатитіне" қарсы препараттың артық мөлшеріне қарамастан, былтыр 135 млн теңгеден астам сомаға қосымша 35 мың вакцина сатып алынған. Заң бойынша вакцинаны сақтау мерзімі 6 айдан аспауы керек", - дейді ведомстводағылар.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары және тағы 11 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.