Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина қарулы күштері жағында соғысқан он төрт дағыстандыққа іздеу жарияланды

Sputnik
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Дағыстанның 14 тумасы мен тұрғыны Украина қарулы күштері бөлімшелерінің құрамында соғысқа қатысқаны үшін қылмыстық істерге тартылып, оларға іздеу жарияланды, деп мәлімдеді республиканың ішкі істер министрі Абдурашид Магомедов. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қазіргі уақытта Украина қарулы күштерінің бөлімшелерінде Ресей қарулы күштеріне қарсы ұрыс қимылдарына қатысып жатқан Дағыстанның 14 тумасы мен тұрғыны анықталды. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды және оларға іздеу жарияланды", - деді Магомедов республика парламентінің отырысында 2023 жылғы полиция қызметі туралы есеп беру кезінде.
Наурыздың ортасында Махачкала соты Украина қарулы күштеріне шетелдік жалдамалы жауынгер ретінде қабылданған Дағыстанның екі тұрғынын мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен сырттай қамауға алды.