АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Алматыда кенеттен шаңды дауыл болып, нөсер жауын жауды. Sputnik Қазақстан тілшісі мегаполистегі ауа райын видеоға түсірді.
Екі миллион халқы бар Алматы аяқасты шаңды дауылдың астында қалды. Тұтқиылдан соққан қатты боран қаланы әп-сәтте әбігерге салды. Даланы қараңғылық басып, нөсер жауын жауды. Тіпті тоқтаусыз найзағай ойнаумен болды.
Көліктің үстіне ағаш құлады
© Sputnik/Ертай Сарбасов
ТЖ департаменті күшейтілген режимге, жоғары дайындық жағдайына көшті, деп хабарлады ведомство.
Алматыда дауылды ескерту
29 наурызда Алматы тауларында қатты жауын-шашын болады. Батыстан 23-28 м/с жылдамдықпен боран соғып, найзағай ойнайды.
Құтқарушылар тұрғындарға жеке басының қауіпсіздігі үшін тауға бармау керектігін ескертті.