АЛМАТЫ, 28 наурыз – Sputnik. Алматы облысында көкпар тартқандар жазаланды, деп хабарлады Еңбекшіқазақ аудандық сотының баспасөз қызметі.
Сотта Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша Қ. және М. қатысты әкімшілік іс қаралды.
"24 наурызда сағат 00:30 шамасында Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылындағы Алматы көшесінде 20-ға жуық адам көкпар ойнап, автокөлік қозғалысына кедергі келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзды", - делінген ведомство хабарламасында.
26 наурыздағы сот қаулысымен құқық бұзушы Қ. және М. кінәлі деп танылып, оларға 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза белгіленді.
Қаулы заңды күшіне енді.