Қазақстанда бензин мен дизель отынының қоры 1,2 млн тоннаға жетті

Қазақстанның автокөлік жүргізушілері мен шаруалары бір жарым айға жанармаймен қамтамасыз етілген
Sputnik
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауытының тұрақты жұмыс істеуі "ҚазМұнайГазға" елдегі бензин мен дизель отынының рекордтық қорын жасауға мүмкіндік берді, деп хабарлады компания.
"2024 жылдың наурыз айына қарай Қазақстанның бүкіл тарихында бензин мен дизель отынының рекордтық қоры қалыптасты – дизель отыны мен бензиннің қоры елдегі тұтынудың 1,5 айына тең", - делінген хабарламада.
"ҚазМұнайГаз" хабарлағандай, жалпы қор шамамен 1,2 миллилн тонна отынды құрайды, оның 670 мың тоннасы дизель отыны, 530 мың тоннасы бензин.
Апта басында Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстарының басталғаны туралы хабарланды.
Өткен аптада Қазақстан елден автомобиль көлігімен бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салуды тағы жарты жылға ұзартты.