Мемлекеттік қызметшілерге казино ойнауға тыйым салынуы мүмкін

Сондай-ақ депутаттар бәс тігу жасын 21-ден 25 жасқа дейін көтеруді ұсынып отыр
Sputnik
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстанның мемлекеттік қызметшілеріне казино ойнауға заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілісте ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер таныстырылды.
"Осы заң жобасы аясында мемлекеттік қызметшілерге казино ойнауға тыйым салатын норманы қарастырып жатырмыз. Мұндай түзету бар. Бірақ букмекерлік кеңселерге қатысты ортақ пікірге келген жоқпыз", - деді Бейсенбаев мәжіліс кулуарында.
Бұған дейін құмар ойындардың жарнамасына толығымен тыйым салынатыны хабарланған еді. Сондай-ақ депутаттар бәс тігу жасын 21-ден 25 жасқа дейін көтеруді ұсынып отыр.
Қазақстанда 400 мың адам букмекерлік кеңселер мен казинолардың тұрақты клиентіне айналған