Астана іргесіндегі ауылдың тұрғындары жолды жауып тастады

Қоянды ауылы қарайтын Целиноград ауданының әкімдігі көмектің жеткенін, бұдан былай митингілер ұйымдастырудың қажеті жоқ екенін атап өтті
Sputnik
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Астана іргесіндегі Қоянды ауылының тұрғындары еріген қар суы үйіне кіріп жатқандықтан тас жолды жауып, төтенше жағдай жариялауды талап етті.
"26 наурыз күні сағат 20.40-та Қоянды ауылының 50-ге жуық тұрғыны ауыл әкімдігінің жанындағы жолды жауып тастады.
Жергілікті тұрғындар су тасқынына қарсы іс-шаралар мәселелеріне назар аудару мақсатында жиналды", - деп жазылған әкімдіктің хабарламасында.
Аудан әкімі Бақытбек Оспанбеков жағдайды түсіндіру үшін жиналғандармен кездесті.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қоянды ауылында су тасқынына қарсы күшейтілген іс-шаралар жүргізілуде. Шамамен 150 мың текше метр қар шығарылды. Сондай-ақ Қоянды ауылында 9,5 мың метр арықтар мен каналдар, сондай-ақ 46 дана су өткізу құбырлары тазартылды. 35 мың м3 астам еріген су сорылды.
Әкімдік жолдарды жабу сияқты заңсыз әрекеттерге жол берілмейтінін, заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.