Павлодар облысында монополистер халықтан заңсыз ақша жинаған

Екі компания да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға айыппұл салынды
Sputnik
АСТАНА, 26 наурыз - Sputnik. “Павлодарэнергосбыт” ЖШС және “Екібустұзжылуэнерго" ЖШС мыңдаған адамнан заңсыз абоненттік төлемақы жинады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Монополистер жаз мезгілінде іс жүзінде ыстық су үшін абоненттік төлемақыны заңсыз есептеген.
“Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша Павлодар және Екібастұз қалаларының 20 мыңнан астам тұрғынына қызметтер құнын төмендету жағына қарай қайта есептеулер жүргізілді, яғни наурыз айындағы түбіртектерінде көрсетілетін болады”,- дейді прокурорлар.
Екі компания да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға айыппұл салынды.
Айта кетері, Қостанай облысындағы Федоров ауданында тура сондай жағдай болды. Әкімдікке қарасты кәсіпорын жергілікті халықтан коммуналдық төлемді артық жинаған. Сол кездк 500 адам үшін тариф 33 процентке төмендетіледі.
Өңірлер
Екібастұз жылу электр станциясын жаңғырту кезінде 1 млрд теңге жымқырылған