385 млн теңге залал келді – Қазақстанға ондаған жүк көлігі мен тіркемелер заңсыз әкелінген

Олар жалған құжаттарды қолдану арқылы тіркеуге қойылған
Sputnik
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен жүк автомобильдерінің экономикалық контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Тергеу барысында қылмыстық топтың Қазақстанға жалған құжаттарды пайдалана отырып есепке қойылған заңсыз 45 жүк көлігі мен тіркеме кіргізілгендігі анықталды, бұл мемлекетке 180 млн теңге сомасына төленбеген кедендік төлемдер, сондай-ақ 205 млн теңге сомасына тіркеу төлемдерін төлемеу түрінде залал келтірді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары сотқа жолданды. Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жарияланбайды.