Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина мен Дания әскери саладағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Sputnik
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Украина мен Дания ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, оның аясында Дания Украина Қарулы күштері үшін қару-жарақ сатып алады. Бұл туралыУкраина қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Қорғаныс саласындағы сатып алу агенттігі (Украина қорғаныс министрлігі) мен Дания қорғаныс министрлігінің сатып алулар және логистикалық ұйымы (DALO) қорғаныс саласындағы сатып алулардағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды", - делінген Украина әскери ведомствосының Telegram каналында жарияланған хабарламада.

Украина қорғаныс министрінің орынбасары Дмитрий Клименков келісім Украина қарулы күштеріне заманауи қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізудегі ынтымақтастықты нығайтады деп үміттенетінін айтты.
Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты. Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.
Кремль Украинаны батыстан қару-жарақпен қамтамасыз ету Ресей-Украина келіссөздеріне теріс әсер ететінін айтты. Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін де Батыс Украинаны шынымен де қақтығыстың аяқталуын жақындатқысы келсе, оған қару-жарақ беруді тоқтатуы керек екенін бірнеше рет мәлімдеді.