Білім

Оқушыларға арналған пәндік олимпиадалар жаңа форматқа ауысты

Олимпиаданың республикалық кезеңіне барлығы 1668 оқушы қатысып жатыр
Sputnik
АСТАНА, 25 наурыз - Sputnik. Елімізде жыл сайын 17 наурызда өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды. Ол биыл алғаш рет бірден жеті өңірде өтеді, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл санитарлық, медициналық және өрт қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің барлық нормаларын күшейтуге мүмкіндік береді.
Жаратылыстану-математикалық бағыт:
17-21 наурыз күндері – Астана қаласында физика, математика;
24-28 наурыз күндері – Алматы қаласында информатика, география;
27-31 наурыз күндері – Павлодар қаласында химия, биология.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт:
1-5 сәуір күндері – Қостанай қаласында орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті;
7-11 сәуір күндері – Атырау қаласында қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті;
14-18 сәуір күндері – Өскемен қаласында Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері;
20-24 сәуір күндері – Петропавл қаласында ағылшын, неміс және француз тілдері.
Олимпиаданың республикалық кезеңіне барлығы 1668 оқушы қатысып жатыр. Жаратылыстану-математикалық - 946 және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша 772 оқушы бақ сынауда. Айта кетейік, қатысушылар арасында 87 олимпиадалық резерв мүшесі және ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиаданың 65 жеңімпазы бар.