Мәскеуде теракт құрбандарын "Тырналар" әнімен аза тұтты

Sputnik
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Crocus City Hall ғимаратының қасбетінде "Тырналар" проекциясы пайда болды, деп хабарлады "Біз біргеміз" еріктілер қозғалысы.
Мәскеу лаңкестік әрекет құрбандарын осылайша аза тұтты. Ғимарат іргесінен ақ тырналардың шексіз саны көтеріліп, аспанға ұшады.
Акция Муслим Магомаевтың әйгілі әнінің құрметіне "Тырналар" деп аталды.
Ресейде кеше Мәскеу түбіндегі Крокус Сити Холлдағы терактіде қаза тапқандарды еске алу үшін ұлттық аза тұту күні жарияланды.