АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында 25-28 наурыз аралығында күн жылынып, қар қатты еруі мүмкін, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті.
Ведомство мәліметінше, осы күндері жаңбыр жаууы да ықтимал. Әсіресе, 26 наурызда өңірдің кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады деп күтіледі.
"Қардың қарқынды еруі салдарынан су ағыны қалыптасады. Мұздың қалыңдығы сетінеп, өзендерде су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы мүмкін. Осыған байланысты ескерту жарияланып, төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында тиісті іс-шаралар қолға алынып жатыр", - делінген хабарламада.
25 наурыз күні облыстың бірқатар жерінде, Орал қаласында тұман түсуі мүмкін.