Алматы тауларында туристер жоғалып кетті

Құтқарушылар іздестіру орнына шықты
Sputnik
АЛМАТЫ, 25 наурыз - Sputnik. Алматы облысындағы тауларда екі турист жоғалып кетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
"Осы минуттарда Алматы тауларында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр", - деп хабарлады министрлік.
Ведомствоның айтуынша, 19 жастағы екі жігіт ТЖД кезекшісіне олардың орналасқан жері туралы бейнероликті жіберген. Құтқарушылар іздестіру орнына шықты.