АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Астанада Ресей Федерациясының елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Астана қаласындағы Ресей Федерациясының елшілігіне барып, Мәскеудегі "Крокус Сити холл" ойын-сауық кешенінде жасалған лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айту кітабына жазба қалдырды", - делінген хабарламада.
Үкімет басшысы Ресей елшілігінде көңіл айту кітабына жазба қалдырды
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Бұған дейін Қазақстан үкіметінің басшысы Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинге және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қолдау білдіретіні туралы телеграмма жолдаған болатын.