Тәжікстан президенті Мәскеудегі терактіге қатысты: террористерде ұлт та, отан да жоқ

Теракт жасағандардың шетелдік азаматтар екені хабарланды
Sputnik
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов Мәскеудегі терактіден кейін Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Тәжікстан президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Рахмонов "Крокус Сити Холлдағы" қанды террористік әрекетті айыптап, "террористерде ұлт та, отан да, дін де жоқ екенін" ерекше атап өтті.
Тәжікстан президенті қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтатынын жеткізді. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Оның айтуынша, Тәжікстан азаматтарының Жалпыұлттық аза тұтып жатқан Ресеймен тілегі бір.
"Сондай-ақ тараптар терроризм, экстремизм мен діни радикализмге қарсы күрес жолында тығыз әрекет етуді жалғастыруға мүдделі екенін растады", - делінген ресми хабарламада.
Осы орайда салалық ведомстволар мен қызметтер арасындағы байланысты күшейтудің маңыздылығы да айтылды.

Мәскеудегі теракт

Айта кетері, 22 наурызда кешкі уақытта Мәскеудегі "Крокус" орталығына қарулы шабуыл жасалды. Автомат ұстаған террористер жолда кездескеннің барлығына оқ жаудырды. Қауіпсіздік қызметкерлерінде атыс қаруы болмаған және еш қарсылық көрсете алмаған.
Соңғы мәліметтер бойынша теракт салдарынан 133 адам қаза тауып, 152 адам зардап шекті.
11 адам ұсталды, олардың ішінде 4 террорист "Крокустағы" терактіге тікелей қатысқан. Оладың шетелдік азаматтар екені хабарланды.