АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Облыста қыстың басынан бері елді мекендерден 1 миллион 626 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Су тасқынына дайындық жұмыстары
© ҚР ТЖМ
"Өткен аптада 301 мың 472 текше метр қар шығарылды. 2082 су өткізгіш құбырлар тазартылды, бір аптада - 974", - делінген хабарламада.
Су тасқынына дайындық жұмыстары
© ҚР ТЖМ
116 шақырымнан астам арықтар тазартылған, бір аптада 30 шақырым тазартылыпты. 696 шақырымнан астам егістікті қардан аршу жұмыстары жүргізілді.
Су тасқынына дайындық жұмыстары
© ҚР ТЖМ
"Су тасқыны ерекше бақылауда, дайындық жұмыстары жалғасып жатыр", - дейді министрліктегілер.