АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған парламент делегациясы Швейцария Конфедерациясына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Делегация Парламентаралық Одақтың 148-ші Ассамблеясына қатысады.
"Сондай-ақ Швейцария Конфедерациясына ресми сапар аясында Мәжіліс спикері мен Швейцария Конфедерациясы Федералды Жиналысының Ұлттық Кеңесінің төрағасы Эрик Нузбаумермен және Федералдық кеңесші, Швейцария Конфедерациясының Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассиспен Бернде екіжақты кездесулер өткізуі жоспарлануда", - делінген ресми хабарламада.
Ал сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгін президенттің тапсырмасы бойынша Ресей елшілігіне барып, көңіл айту кітабында жазба қалдырды.
Маулен Ашимбаев оставил запись в книге соболезнований посольства России в Астане