АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Алматының Медеу ауданында таудан үйінді топырақ опырылып құлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай 23 наурызда болған. Еріген қар және жауын-шашын салдарынан үйінді топырақ сырғып, этно-мейрамхананың аумағын басып тастаған. Топырақ массасы шаруашылық құрылыстарға дейін жеткен. Бірақ ештеңе қираған жоқ. Ешкім зардап шекпеді. Түскен топырақтың жалпы көлемі - 107 текше метр.
"Сол жерде аумақты тазалаумен мердігер ұйым – жеке меншік компания айналысқан. Қазселденқорғау қызметкерлері бұған дейін ұсыныс сипатындағы хабарлама тапсырған болатын", - дейді министрлік мамандары.
"Қазселденқорғау" мекемесінің мәліметіне сәйкес, жақын маңда жеке меншік мектеп орналасқан.