Тоқаев Ресейдегі лаңкестік оқиғаға байланысты Қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізеді

Sputnik
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесін өткізуге шешім қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

"Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі лаңкестік оқиғаға байланысты қабылданатын шаралар туралы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, Мәскеудегі "Крокус" орталығында болған теракт салдарынан 60-тан астам адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат алды. Қолында автоматы бар адамдар жолда кездескендердің барлығына оқ жаудырды.
Әлеуметтік желіде атыс кезіндегі жан түршігерлік кадрлар жарияланды. Қауіпсіздік қызметкерлерінің қасында атыс қаруы болмаған және ешқандай қарсылық көрсете алмаған.