АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Ресейлік Red Wings әуе компаниясы Минеральные воды қаласынан Астанаға алғашқы рейстің ұшатынын хабарлады.
"Қазақстан астанасына жайлы SuperJet-100 лайнерімен 3 сағат 50 минутта жете аласыздар. Бұған дейін бірде-бір компания осы бағытта тікелей рейс жасамаған. Ал жолаушылар жолда 8,5 сағаттан бір жарым тәулікке дейін жүретін. Енді, тікелей ұшуға болады", - делінген ресми хабарламада.
Астанаға алғашқы WZ-4301 рейсі 19 сәуірде сағат 07:20-де ұшады. Ал Астана уақыты бойынша 13.50-де Минеральный воды қаласына кері рейс жасалады.