АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайды, деп мәлімдеді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы терроризмді мүлде ақтауға болмайды деп санайды. Ол БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырды.
Президенттің тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді.
Сонымен қатар Қазақстан президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты.
Еске сала кетейік, жұма күні кешке Мәскеудің солтүстік-батысындағы "Крокус сити холл" концерт залында "Пикник" тобының концерті басталар алдында камуфляж киген кем дегенде үш адам жиналған халыққа автоматтан оқ жаудырды.
ФСБ алдын ала мәлімет бойынша "Крокус" орталығындағы теракті кезінде 40 адам қаза тауып, жүзден астамы жараланғанын хабарлады.