АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев ЕЭК атынан және жеке өзінің атынан Crocus City Hall концерт залында болған лаңкестік әрекетте қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
"Біз ондаған адамның өмірін қиған бейбіт тұрғындарға қарсы жасалған лаңкестік актіні қатаң айыптаймыз. Қайғылы оқиғаға байланысты қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Ресей халқына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз", – деді Бақытжан Сағынтаев.
Сондай-ақ ол барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Соңғы мәліметтер бойынша, лаңкестік әрекет салдарынан 60-тан астам адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат алған.