"Крокус" орталығындағы теракті кезінде 40 адам қаза тауып, жүзден астамы жараланды – ФСБ

Төтенше оқиға орнында жедел штаб құрылды. Оқиға орнына барлық күш пен құрал жіберілді
Sputnik
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Алдын ала мәлімет бойынша Мәскеудің "Крокус " кешеніндегі теракті салдарынан қазіргі уақытта 40 адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланған, деп хабарлады Ресейдің ФСБ.
Еске сала кетейік, жұма күні кешке Мәскеудің солтүстік-батысындағы "Крокус Сити Холл" концерт залында "Пикник" тобының концерті басталар алдында камуфляж киген кем дегенде үш адам жиналған халыққа автоматтан оқ жаудырған.
Содан кейін лаңкестер граната немесе жарылғыш зат лақтырған, соның салдарынан өрт шығып, шатыр отқа оранған.
Төтенше жағдай орнында жедел штаб құрылды. Оқиға орнына барлық күш пен құрал жіберілді. Зардап шеккендер мен басқа да мәліметтер нақтыланып жатыр. Медициналық көмек көрсету үшін 70-тен астам жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылды.
"Крокус сити холдың" жертөлесінен жүзге жуық адам шығарылды, өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері адамдарды іздестіру және құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Крокустағы" өртті сөндіруге авиация қолданылуда, тікұшақ өртеніп жатқан ғимаратқа су төгіп жатыр, тағы екі тікұшақ ұшуға дайындалуда, деп хабарлады Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі.
Ресей Федерациясының Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.