"Ақша алдым": Мәскеуде теракт жасады деген күдікпен ұсталғандардан жауап алынды

"Ақшаның жартысын алдым": Мәскеуде теракт жасады деген күдікпен ұсталғандардан жауап алынды
Sputnik
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. "Крокустағы" террактіге қатысы бар деген күдікпен ұсталған ер адам наурыздың басында Түркиядан келгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Күдікті Түркиядан 4 наурызда келгенін және адамдарды өлтіргені үшін ақша алғанын мойындады. Осы әрекетке баруға "уағызшының көмекшісі" көндірген. Оған жарты миллион рубль береміз деген. Ақшаның жартысын банк картасына аударып берген. Тапсырыс берушілер лаңкестерге қару-жарақты қай жерден алып кетуге болатынын да көрсеткен.
Ал екінші күдікті 10-12 күн бұрын Абдулламен Telegram арқылы танысқанын айтты. Екеуі көлік сатып алып, такси қызметімен айналыспақ болған көрінеді. Ол қанды қылмысқа кім тартқаны туралы видеода нақты айтпаған.
Айта кетері, 22 наурызда кешкі уақытта Мәскеудегі "Крокус" орталығына қарулы шабуыл жасалды. Автомат ұстаған террористер жолда кездескеннің барлығына оқ жаудырды. Әлеуметтік желіде атыс кезіндегі жантүршігерлік кадрлар жарияланды. Қауіпсіздік қызметкерлерінде атыс қаруы болмаған және еш қарсылық көрсете алмаған. Қаза тапқандардың саны 143 адамға жетті.