АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Қазақстанның оңтүстік жартысында атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр және қар жауады, деп хабарлады Қазгидромет.
Республиканың оңтүстігіндегі таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, жел күшейеді.
"Республиканың солтүстік жартысында атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Жалпы Қазақстан аумағында тұман түседі, шығыста көктайғақ болады деп болжанып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар Қазгидромет 23 наурызда Астана, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау қалаларында ауаның ластануына байланысты метеорологиялық жағдай қолайсыз болатынын хабарлады.
23 наурызда ірі қалаларда ауа райы қандай болады
Астанада көшпелі бұлт шығады, күн ашық, түнде тұман түседі. Түнде - 11 -13 аяз, күндіз + 2 +4 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз күн ашық, түнде кей уақытта жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде +3 +5, күндіз +12 +14 градус жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түннің бірінші жартысында жаңбыр жауып, тұман түседі, күндіз ауа райы жауын-шашынсыз ашық болады. Түнде +3 +5, күндіз +17 +19 градус жылы.