АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Жұма күні Мәскеудің солтүстік-батысындағы "Крокус сити холл" концерт залында камуфляж киген кем дегенде үш адам оқ жаудырды, зардап шеккендер бар, деп хабарлады РИА Новости тілшісі.
"Камуфляж киген кем дегенде үш адам "Крокус сити холдың" бірінші қабатына кіріп, автоматтан оқ жаудырды. Жараланғандар бар екені анық", - дейді ол.
Оның айтуынша, осыдан кейін олар граната немесе жарылғыш зат лақтырған, соның салдарынан өрт шыққан.
"Залдағы адамдар аман қалу үшін еденге жатып, 15-20 минут күтті, содан кейін олар еңбектеп шыға бастады. Көпшілігі сыртқа шығып үлгерді", - деді ол.