Астанада Наурыз мейрамына орай 2,5 тонна палау пісірілді

Түркі және парсы халықтары үшін ортақ мерекеге 2 күнде 15 мыңнан астам астаналық келді
Sputnik
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Астанада Наурыз мерекесін тойлау барысында палау фестивалі өтті. Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан аспаздары бір-бірінен ингредиенттермен ғана емес, сонымен қатар пісіру әдісімен де ерекшеленетін палаудың түр-түрін пісірді.
Екі күн ішінде астаналықтар 2,5 тоннадан астам тәжік, Самарқан, Ташкент палауының дәмін татты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Астаналық орталық саябақта көктемнің басты мерекесі халықаралық деңгейде аталып өтті. Наурыз мерекесіне Иран мен Тәжікстан елшіліктері бірікті. Өз киіз үйлерінде ынтымақтас елдердің дипломатиялық өкілдері Наурыз көже рецептерін, дәстүрлі тәттілерін бөлісті", - делінген хабарламада.

Түркі және парсы халықтары үшін ортақ мерекеге 2 күнде 15 мыңнан астам астаналық келді.
Мереке қонақтары үшін эстрада жұлдыздары мен би ансамбльдері өнер көрсетті.
Айта кетері, биыл Қазақстанда Наурыз мейрамы 10 күн бойы аталып өтіп жатыр. Мереке онкүндігінің әр күні салт-дәстүрлер мен Наурыздың терең мағынасын қамтитын белгілі бір тақырыпқа арналған.
Елорда тынысы
Астанада ұлттық ойын түрлеріне үш мыңнан астам адам қатысты