АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. 22 наурыз күні таңертең жылымықтың әсерінен, сондай-ақ жауын шашынға байланысты Қотырбұлақ өзенінің бассейнінде қар көшкіні жүрді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Қар массасы "Pioneer" тау шаңғы курортының құрылысына дейін жетті. Таулы кешен жұмыс істемеген, абырой болғанда зардап шеккен адамдар жоқ.
"Бұған дейін 20 наурызда "Қазселденқорғау" ММ қалалық филиалы "Пионер" курорты әкімшілігіне көшкін қаупі және қажетті шаралар қабылдау туралы ұсыныс берген болатын", - делінген хабарламада.
Алматы өңірінде 165 қар көшкіні алқабы бар, оның 18-і қауіп төндіреді.
Министрлік 20 наурызда дауылды ескерту негізінде қалалық ТЖД қар көшкінінің түсу қаупі туралы хабарлағанын еске салды.
Алматы тұрғындары мен қонақтарына қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан тік қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды.