АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 22 наурыз күні Алматы уақытымен сағат 08:47-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 592 км қашықтықта Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.
Зілзаланың энергетикалық класы 11.9
Магнитудасы 5.0. MPV.
Эпицентрінің бағыты 39.44° с.е. 71.89° ш.б. жатыр.
Тереңдігі 5 км.
Қазақстан аумағында сезілуі туралы ақпарат жоқ.