АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. 21 наурызда сағат 21:00 шамасында күннің жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Алматы облысындағы Кеген-Нарынкөл тасжолының 60 шақырымын су басты, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
Мекеменің хабарлауынша, жалпы су ағынының ұзындығы – 80 м, ал биіктігі – 10 см. Көрсетілген учаскеге диаметрі 1 м болатын су өткізгіш құбыр орнатылды. Жағдайды қалыпқа келтіру үшін 10 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды.
"Қазіргі уақытта еріген суды ағызу, уақытша жол белгілерін орнату және жол бөлігін тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жол тәулік бойы бақылауға алынды. Жол қозғалысына шектеулер енгізілген жоқ", - делінген хабарламада.