Қазақстандықтар Наурыз мейрамын тойлап жатыр

Бүкіл ел аумағында Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын тойлау басталды
Sputnik
АСТАНА, 21 наурыз - Sputnik. Қазақстан халқы бүгін әз Наурыз мерекесін тойлап жатыр. Биыл мемлекеттік мәртебесі бар бұл мерекені тойлауға қатысты жаңашылдықтар енгізілді.
Қазақстанда әдетте күн мен түн теңесетін 22 наурызда бұл мейрамды тойлау қалыптасқан еді. Бірақ үкіметтің мәжіліске ұсынысы бойынша Наурызды бір күн, яғни 22 наурызда ғана емес, 21, 22, 23 наурыз күндері, яғни, үш күн бойы тойлау бекітілді.
Ал биылғы жылдан бастап Ұлыстың ұлы күнін елде тұтастай 10 күн тойлайтын болды. Яғни, бұл мейрамды енді қазақстандықтар 14-23 наурыз аралығында мерекелейді. Бұл онкүндікті Наурызнама деп атады.
Наурыз 10 күн бойы тойланады - мерекенің бағдарламасы жарияланды
Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялаған Наурыз мейрамын тойлаудың тұжырымдамасына сәйкес, 14 наурыз күні – Көрісу күні-Амал мерекесі, 15 наурыз – Қайырымдылық күні, 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні, 17 наурыз – Шаңырақ күні, 18 наурыз – Ұлттық киім күні,
19 наурыз – Жаңару күні, 20 наурыз – Ұлттық спорт күні, 21 наурыз – Ынтымақ күні, 22 наурыз – Жыл басы.
Наурызнаманың қорытынды күні - 23 наурыз – Тазару күні деп жарияланды. Бұл күні Қазақстанның барлық аймақтарында жалпыұлттық экологиялық акция өтеді.

Басқа мемлекеттерде Наурызда қалай демалады

Сенбі мен жексенбіге дөп келетін демалысты есепке алғанда қазақстандықтар биыл Наурызда 5 күн демалады. Сонымен қатар осы мейрамды тойлайтын басқа елдерде де демалыс енгізілген. Мысалы, Қырғызстанда 4 күн, Өзбекстанда 3 күн, Тәжікстанда 6 күн, Әзербайжанда 5 күн, Түрікменстанда 2 күн, Иранда 4 күн, Албанияда 1 күн демалады.
Өңірлер
Наурыз мейрамы: елордада XVIII ғасырлық тарихи қазанда хан сорпасы әзірленеді
Ал Түркияда Наурыз ресми түрде тойланбайды. Ауғанстанда билікке тәлібтердің келуімен бұл мерекенің мемлекеттік мәртебесін алып тастады.
Айта кету керек, биыл Наурыз мейрамы отыз күн оразамен тұспа-тұс келіп отыр. Рамазан айы 11 наурызда басталып, 9 сәуірде аяқталады.

Жылдың басы – Наурыз

Наурыз мейрамын халық байырдан жаңаның бастауы деп қабылдаған. Сондықтан көктемнің күнтізбеге етене енуімен ерекшеленетін бұл мейрам әркез жаңа бастамаларға, жаңа жақсылықтар мен молшылыққа әкелсін деген сеніммен адамдар кең дастархан жайып, түрлі ойындар ұйымдастырып, көтеріңкі көңіл-күймен жылдың басын қарсы алған.
Астанада Наурыз мейрамында қандай іс-шаралар өтеді
Жаңару мерекесі саналатын бұл мейрам қарсаңында адамдар үйдің іші-сыртын тазалап, ескіні жаңаға алмастырған. Сондай-ақ адам баласы тап осы мейрамда өзінің де тазаруына көңіл бөлуі керек. Яғни, көңілді өкпе-реніштерден тазартып, ренжіткен адамдардан кешірім сұрап, қарыздары болса, барлығын қайтаруға тырысуы қажет. Өйткені, Наурыз мейрамы адамның жаңа бастамаларына сәттілік әкеледі деген сенім бар.
Павлодар әкімдігі Наурыз мерекесінде танымал екі әншіге 10 млн теңге төлемек
Шығыс күнтізбесі бойынша жыл иесі тап осы Наурыз мейрамынан бастап енеді деген де ұғым бар. Биыл қазақша ұлу (Қытай жылнамасы бойынша Айдаһар) жыл иесі болып отыр.
Осы орайда, әр жылға адамдарға жайлылығы бойынша болжам жасалады. Астрологтардың айтуынша, күнтізбеге енген Ұлу жылы адамдар үшін қолайлы болады. Ұлу үшін қалыпты табиғи орта дымқыл болғандықтан, биыл елде қуаңшылық болмауы керек.
Сонымен қатар, мамандар жыл иесінің жалпы сипатын негізге алып, Ұлу жылында еңбектенген адамдардың табысы еселене өсетінін де болжады. Бастысы, кібісе жылы екеніне қарамастан, жаңа кірген жыл адам баласына жағымды болады екен.
Дерекқор
2024 жыл: Ұлу жылы қандай болады