Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында кезек пайда болды - ҰҚК себебін түсіндірді

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу штаттық режимде жүзеге асырылады
Sputnik
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында кезек пайда болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Шекарада көліктер мен адамдар көп. Салдарынан кептеліс қалыптасқан. ҰҚК шекара қызметі қалыптасқан ахуалға қатысты түсініктеме берді.
Шекара қызметінің хабарлауынша, бұл жағдайды шетел азаматтарының Наурыз меркесіне орай өз елдеріне кетуімен байланысты.
Сонымен қатар "Қапланбек", "Тәжен", "Атамекен" және "Қазығұрт" бақылау-өткізу бекеттерінің қайта жаңғыртылуы да кезектің қалыптасуына әкеліп соқты.
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу штаттық режимде жүзеге асырылады, өткізу пункттеріндегі жағдайды бақылау бойынша шаралар қабылданды.
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы салынады